қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.09.2025

Студенттік өмірге бейімделу: ҚазҰПУ-да кездесулер өтті


   2025 жылғы 3 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық, сондай-ақ Жаратылыстану және география факультеттерінің 1-курс студенттерімен кездесулер өтті.

 

Кездесу барысында студенттерге университеттің ішкі тәртіп ережелері, академиялық саясат, студенттік белсенділік бағыттары және психологиялық қолдау қызметтері туралы кеңінен мәлімет берілді. Жиынға Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент пен Жастар ісі жөніндегі бөлім өкілдері қатысып, студенттерге қажетті ақпараттарды ұсынып, әртүрлі бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Аталған шаралар жаңа буын студенттерінің университет қабырғасына тез әрі тиімді бейімделуіне, оқу процесі мен қоғамдық өмірге белсенді араласуына жол ашты. Мұндай кездесулер студенттердің жаңа ортаға сенімді қадам жасауына, университет ұсынатын мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға көмектеседі.

 

Айта кетейік, Абай атындағы ҚазҰПУ-да 1-курс студенттеріне арналған бейімдеу апталығы 3 қыркүйектен 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Сондай-ақ түрлі танымдық және ақпараттық іс-шаралар, тренингтер мен кездесулер өткізіліп, студенттерге қолдау көрсетілетін болады.

 

 

 

  alt=     


 

  alt=       alt=  

 

 

      alt=