![]()
05.09.2025 Поморск университетінің қос диплом бағдарламасы бойынша түлектерге дипломдарды табыстау рәсімі өтті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Слупск қаласындағы (Польша) Поморск университеті арасындағы қос диплом бағдарламасы он жылдан астам уақытқа созылған берік және жемісті әріптестік қатынастардың айғағы.
Қазіргі таңда бағдарлама табысты түрде 11 жылдан астам жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде бағдарлама студенттерге Abai University дипломымен қатар Еуропалық үлгідегі диплом алуға мүмкіндік беретін тиімді академиялық ынтымақтастық құралы ретінде өзін толық дәлелдеді. Ағымдағы оқу жылының қорытындысы бойынша Поморск университетінде дипломдық жұмысын сәтті аяқтап, қорғаған бірнеше студент жоғары білім туралы куәліктерін алды. Диплом тапсыру салтанаты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында өтті, онда кафедра меңгерушісі Сәуле Жүнісқызы түлектерді маңызды оқиғамен шын жүректен құттықтады. Қос диплом бағдарламасы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, академиялық ұтқырлықты кеңейтіп, түлектеріміздің жаһандық білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға зор үлес қосуда.
|