қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.09.2025

ҚазҰПУ студенті дзюдодан Азия чемпионатында қола медаль иеленді


2025 жылдың 10-14 қыркүйегінде Индонезия астанасы Джакарта қаласында дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Бұл жарысқа Азияның 20 елінен барлығы 198 жас татами шебері қатысты.

 

Аталған чемпионатқа Абай университетіндегі Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің 3-курс студенті Кенесхан Ернар қатысып, -73 кг салмақ дәрежесінде бақ сынады.

 

Нәтижесінде спортшымыз дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатының ІІІ орын иегері атанып, қола медальмен марапатталды..

Құттықтаймыз!

 

 

  alt=  

 

 

  alt=