қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.09.2025

ҚОС ДИПЛОМ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА


2025-2026 оқу жылының қыркүйек айынан бастап 2 курс студенттері үшін «7М01303 - Көпмәдениетті қоғамдағы бастауыш білім» мамандығы бойынша қос диплом бағдарламасы басталды. Бұл бағдарлама Абай атындағы ҚазҰлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) мен Мәскеу қалалық Педагогикалық университетінің (МҚПУ) бірлесіп жүзеге асыруымен жүргізілуде.

 

Бағдарлама басталған алғашқы аптасында ҚазҰПУ-дың 13 студенті мен МҚПУ-дың 13 білім алушысы профессор-оқытушы құрамымен және шетелдік ғылыми кеңесшілермен танысты. Сонымен қатар, студенттерге университеттің оқу ғимаратына, кітапхана мен мұражайларға экскурсия ұйымдастырылды.

 

Бұл қос диплом бағдарламасы болашақ педагогтарға кең мүмкіндіктер беріп, полимәдениетті қоғам жағдайында табысты еңбек етуге қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама аясында білім алушылар екі университеттің заманауи білім беру тәжірибесін меңгеріп, халықаралық деңгейдегі біліктілікке ие болады.

 

Аталған жоба қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етіп, көпмәдениетті қоғамдағы білім беру сапасын одан әрі жетілдіруге септігін тигізеді.

 

 

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

 

  alt=