қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.09.2025

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ДАМУ ҰЙЫМЫНЫҢ САРАПШЫСЫ ҚАЗҰПУ-ДА ДӘРІС ОҚИДЫ


Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Болат Тілеп университетке сабақ беруге келген Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының сарапшысы Клея Фернандес пен Гарвард университетінің ғылыми қызметкері, экономист Марк Узанды қабылдады. Аталған шетелдік ғалымдар қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында университеттің қызметкерлері, оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушыларға дәріс оқып, шеберлік сыныптары мен әдістемелік семинарлар өткізеді.


Абай университеті білім беру үдерісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және интернационалдандыру стратегиясы аясында өзінің басымдыққа ие білім беру бағдарламалары бойынша әлемдік деңгейдегі шетелдік оқытушыларды шақыруды қолға алған болатын. Бұл кадрлық әлеуетті нығайтуға, халықаралық әріптестікті дамыту мен білім берудегі озық әлемдік тәжірибелерді енгізуге бағытталған серпінді бастама.


Университетке шақырылған мамандардың қатарында білім беру психологиясы бойынша философия докторы, халықаралық деңгейдегі аса беделді қоғамдастық - Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының сарапшысы (OECD), тәуелсіз кеңесші Клея Фернандес те бар. Ол педагогтар мен әкімшілік қызметкерлердің кәсіби дамуына арналған инновациялық бағдарламалар мен ««Lesson Study: A Japanese Approach to Improving Mathematics Teaching and Learning» атты ғылыми еңбектің авторы ретінде танымал. Сонымен қатар, оның штаб-пәтері Парижде орналасқан, дүние жүзінің 34 елінің басын біріктірген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымындағы іс-тәжірибесі университет ұжымы мен студенттері үшін аса маңызды.


Ал Марк Узан - Бреттон-Вуд жүйесін қайта қарастыру комитетінің негізін қалаушы және атқарушы директоры, Гарвард университетінің ғылыми қызметкері, экономика және қаржы саласындағы кеңесші. Ол жаһандық экономика, халықаралық әріптестік және даму банктерімен, үкіметтермен, жеке секторлармен байланыс орнатуға арналған жоғары деңгейлі семинарлар мен конференциялардың бағдарламаларын әзірлеуші ретінде тәжірибеге ие.


Аталған ғалымдардың келуі - университеттің халықаралық аренадағы беделін арттырып, оқу үрдісінің сапасын жоғарылатуға және инновациялық ғылыми зерттеулерді дамыту мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Сарапшылардың идеялары қазіргі заманғы білім беру құрылымын ғана емес, сонымен бірге жаһандық қаржы және экономиканы түсінудің тың тәсілдерін ұсынуға бағытталып отыр.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз қызметі

 

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=