қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.09.2025

ДІНДЕР ДИАЛОГЫ: БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДАҒЫ СИНЕРГИЯ

 

2025 жылдың 17-18 қыркүйегінде Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі өтуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бұл Съездің жаһандық сын-қатерлерді талқылайтын маңызды диалог алаңына айналғанын атап өтті.

 

Мемлекет басшысының айтуынша, Конгреске қатысушылардың ұсыныстарына сәйкес, Съездің 2033 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы қабылданып, жүзеге асырылып жатыр.

 

Ауқымды халықаралық іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультетінің Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы да арнайы шақырту бойынша сарапшы ретінде қатысуда.

 

Әлемнің 60 елінен келген рухани көшбасшылар, халықаралық ұйымдар өкілдері мен сарапшылар бас қосқан екі күндік форум діндер арасындағы диалогтың қазіргі заманғы рөлін талқылап, мазмұнды әрі нәтижелі боларына сенім мол.

 

 

  alt=  

 

 

  alt=