қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.09.2025

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ


2025 жылғы 19 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Үшінші жақтағы университеттер халықаралық қауымдастығының (AIUTA) президенті, Франциядағы Тулуза университетінің профессоры Франсуа Веллас және қауымдастықтың басқарма мүшесі, Словакияның Братислава Экономика университетінің жанындағы Үшінші жақтағы университет директоры, профессор Янка Себера Хладецка ресми сапармен келді.

 

Сапар аясында олар қауымдастықтың басқарма мүшелерімен және Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесті.
Ресми сапардың басты мақсаты - халықаралық ынтымақтастықты нығайту, үшінші жаққа арналған білім беру саласында тәжірибе алмасу, Қазақстандағы «Күміс университеттердің» даму стратегияларын талқылау және қазақстандық қауымдастықты халықаралық деңгейге шығару болды.


Кездесуге Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Директорлар кеңесінің төрағасы Найман Қалабаев, проректоры Айгүл Жакыпова, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Ерлан Рахымжанов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Бейбіткүл Кәрімова, AlmaU университетінің жаһандық серіктестіктер жөніндегі проректоры Шолпан Тазабек, сондай-ақ ҚазҰПУ-дың факультет декандары қатысты.

 

Жиында өмір бойы білім алуды дамыту, ересектер мен егде жастағы азаматтар үшін білім беру мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ білім, ғылым және мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен бірге «Тузула университеті» жобасы мен оның тәжірибелері сөз болып, халықаралық деңгейдегі жаңа бастамалар таныстырылды. Олардың ішінде Испанияның Валенсия қаласында бастау алған және Даниядағы Одense университетімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Жібек жолы археологиясы» жобасы ерекше назар аудартты. Бұл бастама Қытайдан басталып, Еуропадағы Валенсияға дейін созылған тарихи жолдың археологиялық мұрасын зерттеуге бағытталған. Жобаға Валенсия университеті, Валенсия политехникалық университеті және басқа да серіктес оқу орындары жетекшілік етуде. Шығыстан батысқа дейінгі шамамен 20 университет қатысып отырған бағдарлама аясында бұған дейін Түркияның Памуккале мен Измир қалаларында, Францияның Тулуза қаласында, Ливанның Библос қаласында халықаралық іс-шаралар өтті. Алдағы басқосу Кочеко қаласында өтеді деп жоспарланған.


Сонымен қатар AIUTA Academy бағдарламасы ұсынылды. Оның негізгі мақсаты - оқытушыларды оқыту және университеттердегі мамандарды кәсіби тұрғыда даярлау. Бұл туралы қауымдастық президенті Франсуа Веллас арнайы баяндама жасап, халықаралық тәжірибемен бөлісті.

 

Кездесу соңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, AlmaU университеті және Үшінші жақтағы университеттердің халықаралық қауымдастығы (AIUTA) арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Құжаттың мақсаты - «Үшінші жақтағы университеттер» идеясын қарт адамдардың әлеуметтік және мәдени өмірге белсене қатысуының бір түрі ретінде дамыту және ілгерілету.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ 

Баспасөз қызметі

 

  alt=  

 

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

 

height="240" />

 

  alt=  

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=