қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.09.2025

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ МЕН ЧАНВОН ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ӨКІЛДЕРІ КЕЗДЕСТІ


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Корея Республикасының Чанвон ұлттық университеті делегациясымен ресми кездесу өтті. Жиын «Жасанды интеллект және ынтымақтастық» тақырыбына арналды.


Қонақтар алдымен университет музейін аралап, оқу орнының тарихымен және жетістіктерімен танысты.


Чанвон ұлттық университетінің делегациясын президент Парк Минвон бастап келді. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық офисінің менеджері Юн Кенхван, жалпы істер басқармасы басшысының орынбасары Кан Тэгу және президент кеңсесінің менеджері Парк Сейонг қатысты.


Университет тарапынан Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп, академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова, стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айгүл Искакова, цифрландыру жөніндегі проректор Нұркен Мұсабаев, қаржы және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор Камиля Аменова, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Баян Сапарғалиева, математика, физика және информатика факультетінің деканы Шерипидин Хамраев және Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушысы Нам Наталья қатысты.


Кездесу барысында жасанды интеллект саласындағы білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды дамыту жолдары қарастырылды. Сондай-ақ екі университет арасындағы академиялық ұтқырлық, бірлескен зертханалар құру және тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды.


Абай атындағы ҚазҰПУ

Баспасөз қызметі

 

 

  alt=  

 

 

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

 

  alt=