Психологиялық қолдау қызметінің психолог мамандары «Өмір-ең жақсы құндылық» атты курсқа қатысты
2025 жылдың 29 тамыз күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Сана» зияткер жастар мектебі қоғамдық қоры Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінде жұмыс жасайтын психологтар мен студенттік топтардың кураторлары үшін «Суицидтің алдын алу», «Жаман әдеттердің алдын алу», «ЖЖБИ сырқаттанушылығының алдын алу», «Жыныстық тәрбие» тақырыбында курс ұйымдастырды.
Курстың мақсаты - Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен колледждеріндегі психологтары мен студенттік топтардың кураторларына суицидтің, нашақорлықтың, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар сырқаттанушылығының алдын алу, сондай-ақ жастарға дұрыс жыныстық тәрбие беру бағыттарында кешенді білім мен дағдылар беру. Бұл курс психологтар мен кураторлардың жастармен тиімді жұмыс істеуіне, олардың психикалық және физикалық денсаулығын нығайтуға, өмірлік маңызды құндылықтарды насихаттауға бағытталған.
Курсты Айжан Кажимова, Салтанат Нурпеисова, Мануель Мартинез және Айгерім Маратқызы жүргізді. Курс соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.
Курсқа Психологиялық қолдау қызметінің психолог мамандары Саида Қосбай, Алия Мусанова және Әсел Жусупекова қатысты.
Психологиялық қолдау қызметі

