қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.09.2025

ҚАЗҰПУ ҚЫЗДАР ҚҰРАМАСЫ KAIRAT CUP ALMATY ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ


2025 жылдың 21 қыркүйегінде Алматы қаласында өткен Kairat CUP Almaty чемпионаты аясында қыздар арасындағы тартысты бәсекелер өз мәресіне жетті. Бұл жарысқа еліміздің әр түкпірінен келген мықты командалар қатысты.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қыздар құрамасы жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, жүлделі 3-орынға ие болды. Жарыс барысында ҚазҰПУ студенттері ұйымшылдық пен спорттық шеберліктерін дәлелдеп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.

 

Қола жүлде - бұл тек бүгінгі жетістік емес, сонымен қатар университеттің спорт саласындағы жүйелі жұмысының жемісі. Команданың бұл табысы жас спортшыларды шабыттандырып, алдағы жарыстарға жаңа серпін беретіні сөзсіз.

 

 

  alt=