![]()
25.09.2025 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ДАМУ ҰЙЫМЫНЫҢ САРАПШЫСЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ 2025 жылғы 25 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ЮНЕСКО кафедрасының Педагогикалық инновациялар және Action Research орталығының ұйымдастыруымен «Практикаға бағытталған зерттеулер негізінде білім сапасын арттыру: Lesson Study және Action Research тәжірибесі мен перспективалары» тақырыбында жалпыуниверситеттік әдістемелік семинар өтті.
Семинардың модераторы - ҚазҰПУ-дың академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова болды. Ол өз сөзінде университет үшін мұндай семинарлардың маңыздылығына тоқталып, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқыту тәжірибесін ұштастырудың өзектілігін ерекше атап өтті.
Іс-шараға факультет декандары мен олардың орынбасарлары, департамент директорлары мен қызметкерлері, кафедра меңгерушілері, ментор-зерттеушілер, оқытушы-профессорлар құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысты. Семинардың негізгі баяндамашысы - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшысы, білім беру психологиясы саласының халықаралық деңгейдегі маманы, АҚШ-тан келген доктор Клеа Фернандес болды. Ол Lesson Study мен Action Research тәсілдерінің артықшылықтарын таныстырып, университетте енгізудің маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларын талдау департаментінің директоры Нуржамал Ошанова, ҚазҰПУ профессоры, ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Айман Берікханова және жетекші маман Гүлназ Сарсенбаева баяндама жасады. Өз сөзінде А. Берікханова ғылымды үздіксіз дамытып отыру қажеттігін және заманауи жасанды интеллект құралдарын тиімді меңгерудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Семинар соңында ментор-зерттеушілерге сертификаттар табысталып, қатысушылар ұжымдық фотосуретке түсті. Бұл шара кәсіби пікір алмасу алаңына айналып, білім сапасын арттыруға бағытталған инновациялық әдістемелерді талқылаудың маңызды басқосуы болды.
Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз қызметі
|