қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.09.2025

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ ТҮЛЕГІ «ALMATY USTAZY» БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ


2025 жылдың 24 қыркүйегінде Алматы қаласында шығармашыл жас ұстаздар арасында ұйымдастырылған дәстүрлі «Almaty Ustazy» байқауының ақтық кезеңі сәтті аяқталды. Бұл байқау 2021 жылдан бері 36 жасқа дейінгі мектеп мұғалімдері арасында өткізіліп келеді.


Биылғы жылы бірінші және екінші кезеңдерден сүрінбей өткен 13 үміткер финалға жолдама алып, «Мен - мұғалім көшбасшы» тақырыбында өздерінің авторлық жобаларын қорғады.

 

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Химия кафедрасының түлегі, №146 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Нұрсұлтан Сағынтайұлы жеңіп алды. Жеңімпазға 5 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы мен Сингапур елінде халықаралық тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілді. Бұл жеңіс Нұрсұлтан Сағынтайұлының кәсіби шеберлігі мен шығармашылық еңбегінің айқын дәлелі болды.

 

Байқау әділқазылар алқасының құрамында Абай атындағы ҚазҰПУ Химия кафедрасының профессоры Зүлфия Өнербаева болды. Қазылар байқаудың әділ әрі жоғары деңгейде өткендігін атап өтті.

 

«Almaty Ustazy» байқауы - жас педагогтерге қолдау көрсетуді, мұғалім мәртебесін арттыруды, сондай-ақ заманауи педагогикаға жаңа серпін беруді мақсат ететін маңызды жоба. Мұндай алаңда жас мамандар тәжірибе алмасып, озық әдістемелермен танысу арқылы кәсіби дамуға мол мүмкіндік алады.

 

Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен болашақ еңбектеріне сәттілік тілейміз!

 

 

  alt=    alt=  


 

  alt=    alt=  


href="/docs/aqparat/75398-15.jpg"> alt=