қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.10.2025

 

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «АРСЕНАЛЫ» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да студенттердің демалыс күндері тиімді өткізіледі. Осы мақсатта мәдени-спорттық түрлі іс-шаралар жыл бойы толастамайды. Өткен жексенбіде университеттің М.Әуезов атындағы спорт кешенінде футболдан жарыс өтіп, «Арсенал» құрамасы жеңімпаз атанды.


Бұл спорт жарысы университеттің ресми және жалдамалы жатақханаларында тұратын барлық студенттің басын біріктірді. Әлемдегі ең танымал спорт түрі саналатын футболдан өткен турнирде Абай университетінің студенттеріне құралған 12 команда бақ сынады.


Турнирдің мақсаты – жастар арасында спортқа деген қызығушылықты арттырып, саламатты өмір салтын насихаттау. Футбол додасы жастар арасында топтық рухты көтеріп, достық ынтымақтастықты нығайта түскені анық. Құрамалар арасындағы тартысты ойын кешке дейін жалғасты.


Жарыс қорытындысы бойынша, №5-жатақхана студенттерінің «Арсенал» құрамасы ақтық сында қарсыластарын қапы қалдырып, бірінші орынды иеленді. Ал олармен бір шаңырақ астында тұратын, яғни №5-жатахананың «Тұмар» құрамасының студенттері жүлделі екінші орынды қанжығаласа, 12-шағын ауданында орналасқан жалдамалы студенттер жатақханасының «92» атты құрамасы үздік үштікті түйіндеді.


Мәре-сәре болған жеңімпаздар медаль және кубоктармен марапатталды. Абай университеті  Жастар ісі жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен өткен турнир жастардың футболға деген қызығушылығы мен белсенділігінің жоғары екенін көрсетті. Мұндай ойын алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын таба бермек.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Баспасөз қызметі


 

  alt=  

  alt=  

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=