қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.10.2025

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ТОП ЖАРДЫ

 

Өткен апта Абай университеті үшін жағымды жаңалықтармен аяқталды. Екі бірдей спорт додасынан олжа салған білім ордасының студенттері үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды.

 

Демалыс күндері Алматы қаласында екі маңызды деген спорттық жарыс шымылдығын түсіріп, қортындысында өзара мықтыларды анықтады. Бокстан Алматы қаласының чемпионаты мен баскетболдан Медеу аудандық әкімінің кубогын сарапқа салған додада Абай университетінің студенттері тұғыр биігінен көрінді.

 

Атап айтар болсақ, 13-18 қазан аралығында өткен 2008-2009 жылғы жастар арасындағы бокстан Алматы қаласының чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп, үш бірдей студентіміз чемпион болды. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенттері қатысқан былғары қолғап шеберлерінің сайысында Ернияз Қойшыбай (55 келі салмақта І орын), Темірлан Абдірайым (65 келі салмақта І орын), Уалихан Қайратұлы (80 келі салмақта І орын) бірінші орынды иеленсе, Нариман Ерғали (55 келі салмақта) ІІІ орынға тұрақтады.

 

Сонымен қатар, сенбіде баскетболдан алдағы Республика күні мерекесіне арналып өткен Медеу ауданы әкімінің кубогы турнирінде Абай университеті студенттерінің құрамасы ешкімді шақ келтірмей, кубок иегері атанды. Қатысушылардың арасында ҚазҰПУ баскетбол командасы жоғары деңгейдегі дайындық пен үйлесімділікті атнытып, жеңімпазға лайық ойын өрнегін көрсетті.

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз қызметі 


  alt=  

  alt=