қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.10.2025

«DISCIPLES ESCOFFIER ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

 

2025 жылғы 24 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағсы-Ректор Болат Тілеп әлемге әйгілі Disciples Escoffier Кулинарлық институтының делегациясын қабылдады. Кездесуде Abai University мен Disciples Escoffier институты арасындағы білім беру, тағамтану және гастрономиялық туризм салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен халықаралық деңгейде жаңа мүмкіндіктерді ашу мәселелері қаралды.

 

Abai University тарапынан Басқарма төрағасы-Ректор Болат Тілеп, Академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова, Стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айгүл Искакова, құрылымдық бөлімше жетекшілері мен серіктестер қатысқан екіжақты кездесу жоғары деңгейде өтті. Disciples Escoffier институтының директоры Бертран Герьемен бірге Астананы дамыту орталығы гастротуризм және қонақжайлылық ісі жөніндегі сарапшылар кеңесінің мүшесі, «IBIS Astana» қонақ үйінің директоры Ержан Пазилов та қатысты. Сонымен қатар Франция Елшілігінің қос дипломды бағдарламалар жөніндегі үйлестірушісі Аньес Буссе арнайы келді.

 

Кездесу барысында тараптар кәсіби білім беру, тағамтану, гастрономиялық туризм және қонақжайлылық индустриясын дамытуға бағытталған бірлескен бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы мен тағылымдама алмасу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылады. Ержан Пазилов екі жоғары оқу орны арасында «Ресторан ісі» мамандығы бойынша ынтымақтастық орнату туралы ұсыныс білдіріп, бұл салада тәжірибелі мамандардың азайып бара жатқанын және жастар үшін кәсіби мамандардан үйренудің маңыздылығын атап өтті.

 

Disciples Escoffier өкілдері мұндай бағдарламаның Гонконгта, Румынияда, Маврикийде және Францияда табысты жүзеге асып жатқанын айтып, осы тәжірибені Қазақстанда енгізу еліміздің гастрономиялық және қонақжайлылық саласын халықаралық деңгейге көтеруге үлкен мүмкіндік беретінін жеткізді.

 

Қазіргі уақытта Abai University әлемнің 160-тан астам жетекші жоғары оқу орнымен әріптестік ынтымақтастық орнатқан. Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Сорбонна-Қазақстан институты мен Лотарингия университетінің филиалы базасында жүзеге асырып отырған «B093(KZ-FR) – Ресторан ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы аясында Disciples Escoffier Кулинарлық институтымен серіктестік орнату студенттерге кәсіби тәжірибені тереңдетіп, халықаралық стандарттарға сай білім алуға жол ашады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Баспасөз қызметі 


  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=