қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.11.2025

 

АКАДЕМИКТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

 

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик Анатолий Купчишиннің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті. Зиялы қауымға оның есімі ядорлық физика, элементар бөлшектер мен сәулелені физика саласындағы зерттеулермен белгілі.


Математика, физика және информатика факультеті кеңесінің салтанатты отырысында студенттерге профессордың отандық ғылымға сіңірген еңбегі, өнегелі өмір жолы баяндалды. Университеттің зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтанұлы ғалымның орасан еңбегіне тоқталып, университет ректоры Болат Анапияұлының құттықтауын жеткізді.

«Көрнекті ғалым, педагог, бірнеше зертеуші ғалымдар буынын тәрбиелеген ұстаз, академик Анатолий Иванович Купчишинді мерейтойымен құттықтаймын. Ол академиялық дәстүрді жалғастырудың, ғылыми мектеп қалыптастырудың жарқын үлгісін көрсеткен университетіміздің құрметті профессоры, мақтанышы», – деп жазылған Болат Анапияұлының құттықтау хатында.


А.И. Купчишиннің негізгі ғылыми бағыттарының бірі – ядролық реакциялар мен бөлшектердің өзара әрекеттесуін зерттеу. Ол энергиясы жоғары бөлшектердің затпен әрекеттесу процестерін теориялық және эксперименттік тұрғыдан талдап, жаңа әдістемелік тәсілдер ұсынды. Ғалымның еңбектері атом ядроларының құрылымын түсінуге және ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.


Ғалымның 300-ден аса ғылыми мақаласы, 3 монографиясы және 9 оқулығы, 10 авторлық куәлігі мен патенттелген 20 технологиясы жарық көрген. Сондай-ақ ұстаздық етуден жалықпай шәкірт тәрбиелеп, 4 ғылым докторы мен 12 ғылым кандидатын дайындаған. Академиктің дәрісін тыңдаған мыңдаған шәкірттері бүгінде отандық және шетелдік ғылым-білім салаларында еңбек етеді.


Факультет кеңесінің салтанатты отырысында ғалымның ғылыми мұрасы ғана емес, шығармашылығы да тілге тиек етілді. Шәкірттері мен әріптестері оның бард-ақын екенін мақтанышпен айтты. А.И.Купчишин – ТМД, Ресей және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, бірнеше поэзия жинағының авторы және Есенин алтын медалінің иегері. Академиктің 80 жылдығына арналған іс-шарада шығармалары орындалып, түрлі марапаттар табысталды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Баспасөз қызметі

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=