қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
09.12.2021

«Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс жарияланды

 

2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - ҚР БҒМ) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:
- Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
- Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
- Энергетика және машина жасау;
- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
- Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;
- Өмір және денсаулық туралы ғылым;
- Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
- Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым - постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.


Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында: (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu) және Ғылым комитеті сайтында: (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc) орналастырылған. Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-24-85, 74-20-89 қаржылық сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-16-53, заңға қатысты сұрақтар бойынша, тел. 8 (7172) 74-24-67. Call center - 1450. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.


Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.


Постдокторанттың және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы - 2021 жылғы 10 желтоқсан.


Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2022 жылғы 11 қаңтар (қоса алғанда).


Ереже

 



4

Кері оралу