қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.12.2025

АКАДЕМИЯЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ

  

2025 жылғы 3 желтоқсанда Абай университетінде «ЖОО-ның академиялық процестерін жаңартудың заманауи тәсілдері мен құралдары» атты біліктілікті арттыру семинары өз жұмысын бастады. Іс-шараға факультет декандары, декандардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері мен білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық қызметкерлер қатысып жатыр.

 

Семинардың мақсаты – жоғары оқу орындарында академиялық саясатты жетілдіру, білім беру бағдарламаларын жобалау, білім беру бағдарламаларын жобалау, сапаны бағалау және инновациялық оқыту стратегияларын халықаралық тәжірибе негізінде жаңғыртуға бағытталған заманауи құралдармен таныстыру болды.

 

Іс-шараның ашылуында университеттің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова мен Astana IT University бірінші проректоры Серік Өмірбаев құттықтау сөз сөйлеп, академиялық өзіндік басқаруды нығайту, жоғары білім сапасын арттыру және қазіргі заман талаптарына сай басқару мәдениетін дамыту мәселелеріне тоқталды.

 

Семинар бағдарламасы академиялық саясат, Болон үдерісінің негізгі құжаттары, білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезеңдері, оқыту нәтижелерін сипаттау, бағалау жүйесін трансформациялау және студентке бағдарланған оқыту әдістері бойынша мазмұнды дәрістер мен практикалық сессиялардан тұрады.

 

Спикерлер қатарында: Astana IT University бірінші проректоры С.М. Өмірбаев, Astana IT University ДСККУ директоры А.Р. Файзуллин, Astana IT University Академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Г.С. Ақыбаева бар.

 

Үш күнге жоспарланған семинар барысында қатысушылар топтық жұмыс арқылы білім беру бағдарламаларын жобалау дағдыларын жетілдіріп, конструктивистік әдістердің практикалық қырларын зерделейді және тиімді бағалау критерийлерін әзірлеу бойынша тәжірибе жинақтайды. Жоғары оқу орындарының академиялық қызметін жаңғыртуға, білім беру сапасын арттыруға және заманауи педагогикалық дизайнды дамытуға бағытталған семинар 5 желтоқсанда қортындыланып, қатысушыларға біліктілігін арттырғанын растайтын арнайы сертификаттар табысталады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Баспасөз қызметі


  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=