|  |  |  | 
15.12.2021
Бос лауазымға үміткерді іріктеу туралы өтінім   Бос жұмыс орны жабық   
| Бос лауазымның атауы: | Стратегия департаментінің директоры |  
| Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері: | - Стратегиялық жоспарлау процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету (стратегиялық жоспарлау бойынша сессияларды, стратегиялық мақсаттарды әзірлеу жөніндегі іс-шараларды өткізу, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін пысықтау); - Университеттің Даму стратегиясын әзірлеу; - Даму бойынша негізгі стратегиялық құжаттарды қалыптастыру; - Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бақылауды қамтамасыз ету (Стратегия аудиті, Стратегия міндеттерін іске асыру жоспары мен университеттің Даму жоспарының мониторингі, Стратегия процестерінің тұрақты жұмыс істеуі); - Университеттің құрылымдық бөлімшелерінде Даму стратегиясының орындалуын бақылау; - Құрылымдық бөлімшелерге университеттің Даму стратегиясы бойынша консалтингтік қызмет көрсету; - Стратегияны іске асыру жоспарын орындаудың сапалы мониторингі; -Университеттің әлемдік рейтингтерге (институционалдық, пәндік, жұмысқа орналасу параметрлері бойынша және т.б.) қатысуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру; -Тәуекелдерді сәйкестендіру және тәуекелдерді басқару. |  
| Негізгі лауазымдық міндеттері: | - Стратегияны дайындау бойынша жұмыстарды сүйемелдеу: Стратегия мәтінін дайындау, оған түзетулер енгізу, Стратегия презентациясын дайындау; - Қабылданған стратегия туралы құрылымдық бөлімшелерді хабардар етуді қамтамасыз ету; -Даму стратегиясын іске асыру жоспарын әзірлеу және орындалуын талдау; - Жылдық есептерді/тұрақты даму бойынша есептерді/Қоғамның біріктірілген есептерін әзірлеуге қатысу; -Департаменттің қызметін ұйымдастыру және жалпы басшылықты жүзеге асыру, Қоғамның басқару органдары тапсырмаларының, бұйрықтары мен өкімдері шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; - Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен іскерлік қатынастарды реттеу және қамтамасыз ету, шешімдер қабылдау және олардың орындалуын қамтамасыз ету; -Департаментке сеніп тапсырылған бизнес-процестер шеңберінде Департамент қызметіне сәйкес тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қолдау.   |  
| Іссапарларға шығу: | Қажеттілігі бар |  
| Білімі | Жоғары, әлеуметтік-гуманитарлық білімі; Магистр дәрежесінен төмен емес академиялық дәрежеге ие болуы; Менеджмент саласындағы қосымша білімі; МВА дәрежесі құпталады; Стратегиялық менеджмент, білім берудегі менеджмент және т.б. курстардан өткені туралы сертификаттардың болуы қажет. |  
| Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, басқа) | 5 жыл, академиялық сала, стратегияны әзірлеуге байланысты университет департаменттерінде, басқармаларында әкімшілік жұмыс тәжірибесі |  
| Кәсіби құзыреттері: | 1. Стратегияны, оны іске асыру жоспарын, университеттің даму жоспарын әзірлеу; 2. Университеттің және оқу институттарының стратегиясын, оны іске асыру жоспарын орындаудың тұрақты мониторингі; 3. Стратегиялық сессиялар өткізу; 4. Даму стратегиясы мен Даму жоспарын іске асыру жөнінде есептер дайындау; 5. Университеттің әлемдік рейтингтерге қатысуы бойынша жұмысты үйлестіру; 6. Тәуекел-менеджментті әзірлеу, енгізу; 7. Тәуекелдерді анықтау және тәуекелдерді азайту жолдарын ұсыну; 8. Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қызметкерлерді оқытуды жүргізу; 9. Университеттің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысу |  
| Тұлғалық құзыреттер және сапа: | Байланысқа бейімділік, жауапкершілік, адалдық, мақсаттылық, ұқыптылық, көшбасшылық, командада және белгісіздік жағдайында жұмыс істей білу, икемділік, бейімділік, тайм-менеджмент, басқару дағдылары, таныстыру дағдылары, дамыған эмоционалды интеллект, сабырлылық. |  
| Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (үміткердің меңгеруі тиіс тілдер тізімі) | Қазақ тілі - еркін Орыс тілі - еркін Ағылшын тілі - Preintermediate төмен емес деңгейде оқу, жазу, түсіну   |  
| Компьютерлік дағдылары: | MS Office (Word, Outlook), Excel, Google Drive/Docs/Meet, ZOOM, PowerPoint, Prezi, Canvas бағдарламаларын, Social Media, электрондық пошта, Документологты жақсы меңгеру |  
| Түйіндемені жіберу мерзімі: | 28 желтоқсан 2021 жыл |  
| Байланысушы тұлға: | hrteam@abaiuniversity.edu.kz 
 |    |