қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
26.07.2022

Білім алушылардыбір жоғары оқу орнынан екіншісіне ауыстыру тәртібі

Білім алушыны шетелдік білім беру ұйымынан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде төменде көрсетілген құжаттар ұсынылады:

1) меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт);

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген);

3) шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезіндегі түсу сынақтарының нәтижелері. Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (бұдан әрі-КТ) белгіленген шекті балдан төмен емес сертификаты;

4) ҰБТ және КТ бойынша шекті балл алмаған немесе алмаған адамдар ҰБТ және КТ өткізу қағидаларында көзделген мерзімде КТ тапсырады.

 

Ауыстыру бойынша барлық құжаттар «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығына тапсырылады.

Білім алушыны басқа ЖОО-ға ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) басқа ЖОО-ға ауысқысы келетін білім алушы университет ректорының атына еркін нысанда ауысу туралы өтініш береді және мөрмен бекітілген ауысуға жазбаша келісім алып, оны қызықтыратын ЖОО-ның басшысына жүгінеді;

2) университет ректоры жеке ісін жіберу туралы жазбаша сұрау салуды және білім алушыны ауыстыру туралы бұйрықтың көшірмесін алғаннан кейін "(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды" деген мазмұндағы оқудан шығару туралы бұйрық шығарады және оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушының жеке ісін қабылдаушы ЖОО-ның мекенжайына жібереді.

ЖОО-да транскрипттің көшірмесі немесе сынақ кітапшасы, студенттік билет және жіберілетін құжаттардың тізімдемесі қалады.

Білім алушыны басқа ЖОО-дан ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) басқа ЖОО-дан ауысқысы келетін білім алушы университет ректорының атына ауысу туралы еркін нысанда өтініш береді;

2) ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтінішке ЖОО басшысы мен Офис - тіркеуші қол қойған және мөрмен бекітілген транскрипттің, білім беру гранты иегерінің куәлігінің, өзі оқыған ЖОО басшысының атына өтініштің көшірмелері қоса беріледі (басшының қолымен және мөрімен);

3) институт директоры ұсынылған құжаттар негізінде оқу жоспарларындағы пәндердің айырмашылығын анықтайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес игерілген кредиттерді қайта есептейді және офис-тіркеушінің келісімі бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;

4) институт директорының, офис-тіркеушінің, академиялық мәселелерге жетекшілік ететін бөлімше басшысының, оқу жұмысы жөніндегі проректордың бұрыштамаларына сәйкес ЖОО басшысы білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады;

5) бұйрық шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде студенттің бұрын оқыған ЖОО-на оның жеке ісін жіберу туралы жазбаша өтініш жіберіледі. Студентті ауыстыру арқылы оқуға қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі өтінішке қоса беріледі.

 



2

Кері оралу