
  
Негізгі бет /
Хабарландыру
16.02.2023 Воркшоп (workshop) «Менің ұлттық тәрбиеге қосқан үлесім» 
 2023 жылдың 22 ақпан - 7 сәуір аралығында Абай университеті Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасы 1 курс студенттері арасында «Менің ұлттық тәрбиеге қосқан үлесім» тақырыбында воркшоп (workshop) өткізеді. 
 Тәрбиелік іс-шаралар циклі студенттердің ұлттық өзіндік сана-сезімі мен жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру және дамыту мақсатында «Ұлттық тәрбие» пәні аясында жүзеге асырылады. 
 Воркшоптың міндеттері - педагогика ғылымының танымалдығын арттыру және студент жастардың рухани-адамгершілік дамуына, патриотизм, ұлттық болмыс пен азаматтық борышты қалыптастыру мәселелеріне қызығушылығын арттыру. 
 
  |