
 
|  Негізгі бет /
Хабарландыру 
06.09.2023 Абай университетінде халықаралық педагогикалық форум өтеді 
 
 Педагогикалық форум жұмысының бағыттары: 1. Әлеуметтік педагогтің рөлі және әлеуметтік-педагогикалық қызметтің теориялық және практикалық негіздері. 2. Балалардың және жасөспірімдердің құқықтарын әлеуметтік-педагогикалық қорғау. 3. Заманауи әлеуметтік-педагогикалық білім беруді дамытудың негізгі тенденциялары. 4. Балалар мен жасөспірімдердің адаптация, дезадаптация, реадаптация мәселелері. 5. Әлеуметтік-педагогикалық алдын-алу мәселелері (девиантты мінез-құлық, агрессия, буллинг, кибербуллинг, суицид). 
 Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. 
 Баяндамалар мен тіркелуді қабылдау 2023 жылдың 1 қазанына дейін. 
 Педагогикалық форумның нәтижелері бойынша форум материалдарының электрондық жинағы құрастырылып, форумға қатысушылардың электрондық пошталарына жіберіледі. 
 Педагогикалық форумға қатысу тегін. 
 Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050010, Алматы қ., Төле би көшесі, 31, Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институты, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы, 30 каб. 
 Телефон: 87771555568 Алимбекова Анар Аймолдановна, 87054674187 Булшекбаева Асем Исаевна. е-maіl: pedforum.kaznpu.@mail.ru 
 |