2 курс студенттеріне арналған шеберлік сабақтары
Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің педагогика кафедрасы 2 курс студенттерінің педагогикалық практика аясында Алматы облысы, Іле ауданы, №29 мектептің жетекші мұғалімдерінен шеберлік сабақтарын ұйымдастырады.
Мақсаты: заманауи мектепке қажетті кәсіби құзыреттіліктер мен дағдыларды қалыптастыру, студенттердің мамандыққа деген ынтасы мен қызығушылықтарын арттыру, мектеп пен Абай атындағы ҚазҰПУ арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Шеберлік сыныптары Абай атындағы ҚазҰПУ нің «6В01 - педагогика ғылымдары» бағыты бойынша білім алатын 2 курс бакалаврлары үшін өткізіледі.
Өтетін күні: 30.10.2024.
Орны: Қазыбек би, 30, 408 аудитория.
Уақыты: 10:00.