
  
Негізгі бет /
Хабарландыру
12.11.2024 Бос жұмыс орны: Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу бөлімінің Middle әзірлеушісі 
  
 Бос лауазымның атауы: Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу бөлімінің Middle   әзірлеушісі Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:   бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу жөніндегі   міндеттерді өз бетінше іске асыру, бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа   функцияларын жасау және бар функцияларын өзгерту, бағдарламалық қамтамасыз   етуді әзірлеу жобасының архитектурасын қолдау;   код өнімділігін жақсарту, ең жақсы тәжірибелер мен   дизайн үлгілерін қолдану; ДБ құрылымдарын жобалау, оңтайландыру және қалыпқа   келтіру, күрделі SQL сұрауларын жазу;   қауіпсіз бағдарламалау әдістерін енгізу, XSS және SQL   инъекцияларынан деректерді қорғау;   түзету жүргізу, unit-тесттер мен функционалдық тесттер   жазу;   архитектуралық шешімдерді талқылауға қатысу,   тапсырмаларды жоспарлау үшін топпен өзара әрекеттесу;   junior әзірлеушілеріне көмектесу, олардың кодын қарау   және ұсыныстар беру; ақпараттық жүйелердегі Yii2 немесе Laravel шеңберінің   ішкі құрылымын түсіну, стандартты кітапханаларды білу және оларды қолдану;   PHP Yii2-де монолитті қосымшаның қазіргі архитектурасын   зерттеу және талдау;   рефакторинг жүргізу және қолданыстағы кодты   микросервистерге көшіру;   көшіру кезінде ескі және жаңа кодтардың үйлесімділігін   қамтамасыз ету, сондай-ақ қосымшаның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;   нақты бизнес-мәселелерді шешуге бағытталған міндеттерді   орындау, олардың жоба талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;   қызметтерді өзгерту және жетілдіру, жаңа интерфейс   беттерін және API мүмкіндіктерін қосу;   бөлім бастығы мен басқарма басшылығы қойған міндеттерді   орындау;   бөлімнің жыл сайынғы есептері мен жоспарларын жасауға   қатысу, техникалық құжаттаманы жазу.   Негізгі лауазымдық міндеттері:   еңбек шартында, қоғамның ішкі актілерінде және осы   лауазымдық нұсқаулықта жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау;   атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Басқарма   бастығының тапсырмаларын (алған міндеттерін) уақтылы және адал орындау;   міндеттерді тиімді орындау үшін еңбек өнімділігін,   өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру;   құзыреті шеңберінде Қоғам қызметкерлеріне кеңес беру;   сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау;   жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;   жұмыс берушіге адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс   беруші мен қызметкерлердің мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін туындаған   жағдай туралы, сондай-ақ бос тұрып қалудың туындауы туралы хабарлау;   жұмыс беруші ұсынатын жеке және ұжымдық қорғау   құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану;   Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне белгілі   болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны   құрайтын мәліметтерді жария етпеу;   еңбек тәртібін, сондай-ақ жұмыс орнындағы еңбек   қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария   жөніндегі нормалардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын сақтау;   атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер   шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және   Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді   орындауға міндетті.   Іссапарларға шығу: Қажетіне қарай ішінара іссапар Білім: ақпараттық   технологиялар, компьютер ғылымдары немесе сабақтас пәндер саласы жоғары білім Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары) PHP, Yii2 немесе Laravel тәжірибесі Кәсіби құзыреттер:   ОP, дизайн үлгілері және таза код принциптерін түсіну, Yii2 немесе Laravel негізгі компоненттерін білу және   практикалық қолдану, модульдерді құру және біріктіру тәжірибесі, RESTful API   түсіну. Тұлғалық құзыреттер мен сапалар: тамаша қарым-қатынас дағдылары, командада жұмыс істеу   және келіссөздер жүргізу қабілеті; көшбасшылық қасиеттер, стратегиялық ойлау, нәтижеге   бағдарлану Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білу (кандидат   меңгеруі тиіс тілдердің тізімі) Қазақ, орыс тілдерін меңгеру Компьютерлік дағдылар: MS Windows, MS Office/XP 2000, 2003,2007/ (MS Word,   MS Excel, MS Outlook), Internet, SQL туралы білім, сұраныстарды оңтайландыру, MySQL   және/немесе PostgreSQL-мен жұмыс істеу, мәліметтер базасын жобалау және   қалыпқа келтіру тәжірибесі,HTML, CSS, JavaScript дағдылары, сондай-ақ AJAX   және jQuery білімі, Yii2 немесе Laravel үшін қателерді табу және түзету,   тесттер жазу (unit және функционалды) мүмкіндігі. Түйіндемені тапсыру мерзімі: Байланыс тұлғасы: Кадр саясаты басқармасы +7 (727) 291-82-57  |