қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2020

Қазақ тіліндегі тарих бойынша оқулықтардың тұсаукесері

 

2020 жылдың 3 желтоқсанда Тарих және құқық институты әлем тарихы кафедрасының оқытушылары Р.У. Сейтказиев, А. Дүйсенбайқызының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында қашықтан танымдық - тәрбиелік семинары Тарих және құқық институтының студенттерімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тарих пәні бойынша аударылған кітаптардың тұсаукесері өтті. «Тарих» саласы бойынша аударылған оқулықтарға студенттер презентация көрсетіп, пікір алмасты.

 

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы аясында жарық көрген Зина О`Лиридің «Зерттеу жобасын жүргізу: негізгі нұсқаулық», Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны», Юрий Лотманның «Семиосфера», Данн Росс Е., Лора Дж. Митчеллдің «Panorama: Дүниежүзі тарихы», Алан Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы», Саид Эдуард Уадидің «Ориентализм» кітаптарымен, шығармаларымен таныстырып, олардың мазмұны мен оқу үдерісінде қолданудағы маңызын айқындап, презентация жасалды. Семинарға институттың профессор-оқытушылары, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты. Іс-шараға қатысушылар жаңа оқулықтармен танысып, кері байланыс барысында өз пікірлерімен бөлісті.

 

   

 

   

 

   


 




Кері оралу