қазақша · русский · english
 
 
 
13.01.2021

2020-2021 оқу жылының 2-ші семестрінде оқу үдерісін ұйымдастыру

 

2020 жылдың 13 қаңтарында Тарих және құқық институтының әлем тарихы кафедрасы «6В02209 - Тарих-география», «6В02208 - Тарих-құқық және экономика негіздері», «6В02211 - Тарих-құқықтану», «6В01602 - Тарих-дінтану», «6B03105 - Аймақтану», «6B02202- Тарих», «7M02202 - Тарих» білім беру бағдарламаларының, қазақ және орыс бөлімдері 1-4 курс студенттеріне арналған «2020-2021 оқу жылының 2-ші семестрінде оқу үдерісін ұйымдастыру» вебинар өткізді. Әлем тарих кафедрасының меңгерушісі Дария Асымова студенттерге 2020-2021 оқу жылының 2-ші семестрінде оқу үдерісін ұйымдастыру туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде 2021 жылдың наурыз айында Тарих және құқық институтының 1 курс студенттері оқуға шақырылатыны туралы атап өтті. Барлық студенттер вебинарға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

 

   

 

 




Кері оралу