қазақша · русский · english
 
 
 
12.11.2021

Академик М.Қозыбаевтың 90 жылдығына арналған «Тарих ғылымының тарланы» еске алу кеші


2021 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы Ұлттық кiтапханасының ұйымдастырумен Н. Дәулетова атындағы залда көрнекті тарихшы ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР ҰҒА-ның академигі, профессор Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың 90 жылдығына арналған «Тарих ғылымының тарланы» атты еске алу кеші мен кітап көрмесі өткізілді.

 

Іс-шараға ҚР ҰҒА-ның академигі Х.М. Әбжанов, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова бастаған ұжым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері М.М. Әуезов, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Е. Қабылдинов, тарихшы ғылымдары Б.Б. Кәрібаев, З.М. Төленова, С.О. Смағұлова және Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының директоры А.М. Джунусов, «Әлем тарихы» кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары К.М.Рүстем, А.Э. Сбанбаева, Д.Ж. Мамырбаев, М.Ж. Қасымов, Т. Мұсахмет, Т.Джалғасбаев қатысты.

 

Іс-шара барысында қатысушылар Манаш Қозыбаев туралы естеліктерімен бөлісіп, оның ғылыми еңбектеріне шолу жасалынды.

 

   




Кері оралу