қазақша · русский · english
 
 
 
18.11.2021

Халықаралық студенттері күніне орай кездесу

 

Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының эдвайзері А. Сбанбаева «Халықаралық студенттер күніне» орай «6В01606 - тарих-география» білім беру бағдарламасының 1 курс, 103 тобының білім алушыларымен онлайн (зум платформасында) кездесу ұйымдастырды.

 

Кездесу барысында халықаралық студенттер күнінің аталып өтуінің тарихына тоқталып келіп, тарихы тамыры тереңде жатқан Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студент болу үлкен-мақтаныш, өмірге басқан жаңа қадамның баспалдағы екенін атап өтті.

 

Қорыта келе, білікті маман иесі болу үшін тынымсыз ізденісті қажет ететінін айта келе, студенттерге шығармашылық табыс, білімдерін шыңдауда сәттілік тіледі.

 

   




Кері оралу