қазақша · русский · english
 
 
 
18.03.2022

«Д.А. Қонаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері» тақырыбында дөңгелек үстел

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Б.К. Абдугулованың ұйымдастыруымен еліміздің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізілді.

 

Аталған іс-шараға Д.А. Қонаев музейінің басшысы, өнертанушы магистр Е.И. Кубашева, Алматы облысы Талғар ауданы Қ.Әбдіғұлов атындағы №34 жалпы білім беретін мектеп-гимназия мұғалімдері мен оқушылары, Әлем тарихы кафедрасының ПОҚ белсенді қатысты. Д.Қонаевтың республикамызды басқарған жылдары экономиканың барлық саласын дамытуға және Қазақстанның гүлденуіне сіңірген еңбегі атап өтілді.

 

Сондай-ақ, мектеп оқушыларына Әлем тарихы кафедрасы ұжымының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша Білім беру бағдарламалары таныстырылды.

 

       

 

       




Кері оралу