қазақша · русский · english
 
 
 
28.03.2022

Мектеп кітапханасына сыйлық

 

2022 жылдың 26 науырызында Тарих және Құқық институты Әлем тарихы кафедрасының оқытушысы Мамырбаев Дидар орта білім беру мекемелеріне қолдау көрсету мақсатында 3 курс «6В02209 Тарих» мамандығы 302 топ студенттерімен «Мектеп кітапханасына сыйлық» атты тәрбие жұмысын жүргізді.

 

Алматы облысы Қарасай ауданы Тұрар ауылы Ә. Байсалбаев мектебіне көмек ретінде оқушылар сүйіп оқитын қызықты энциклопедиялар, ертегілер жинақтары, комикстар мен классикалық романдар сыйға тартылды. Демеуші Дүйсенбаев Азаматтың қаржылай көмегімен және студенттердің тандауымен 12 кітап, 5 шахмат, 1 тоғызқұмалақ сатыпалынып, мектеп кітапханасына табысталды. Акцияға қатысқан оқушылар жас ұрпақтың дүниетанымына үлкен әсерін тигізетін еңбектері үшін мектеп ұжымының алғысына бөленді. Тәрбие сағаты институт жоспарына сәйкес өткізілді.

 

   

 

   




Кері оралу