қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2022

Түркі әлемінің мәдени мұрасы - руханилықтың кәусар бұлағы


2022 жылдың 11 сәуірінде Рухани жаңғыру және «Ғылыми декадасы-2022» аясында Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркі әлемінің мәдени мұрасы - руханилықтың кәусар бұлағы» тақырыбында халықаралық онлайн конференция өткізілді. Конференция модераторы профессор М.К.Тулекова болды.


Іс-шараны Тарих және құқық институтының директоры профессор Ә.М.Джунусов ашты. Конференция жұмысына институттың профессор-оқытушылар құрамы, Алматы қаласының студенттері, магистарнттары, докторанттары қатысты. Конференция жұмысына шетелдің танымал университеттерінен - Анкара Университетінің 2-курс магистранты Кузенбаева Айым, Эге университетінің 1-курс магистарнты Эмине Аджарсой қатысып, баяндама жасады. Сонымен қатар, конференция жұмысына Еуразия гуманитарлық институтының студентері, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті, «6В01601-Тарих», 2 курс студенті, ғылыми жетекшісі аға оқытушы С.С. Калдыбаева, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті студенттері, Алматы қ. Алатау ауданы № 169 мектеп-лицей оқушылары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті студенттері, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА докторанттары баяндамалар жасап, пікір-алысып, сұрақтар қою арқылы белсенділік көрсетті.


Түркі әлемінің мәдени мұраларын талдай отырып, жаңартылған Қазақстан Республикасының қазіргі және келешектегі мәдени мұрасын білім беру саласында қолдану, түркі өркениетінің өткені мен бүгінін келешек ұрпаққа жаңғырту арқылы жеткізудің жолдары мен келешектегі мақсаттар мен міндеттері талданды. Жастар өздерінің келешекте Түркі әлемін қалай елестететіндіктері туралы өз пікірлерін білдірді.


Конференция онлайн және офлайн форматында өткендіктен, екі жақты диалог тұрғыда өте тартымды өтіп, қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, интербелсенді тәсілдер қолданды. Шара соңында ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу