қазақша · русский · english
 
 
 
03.05.2022

«Ахмет Байтұрсынұлы - ағартушы-ғалым, гуманист» конференциясы

 

2022 жылдың 29 сәуірінде Әлем тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Алаш қайраткері, көрнекті ағартушы-ғалым, гуманист, педагог, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ахмет Байтұрсынұлы - ағартушы-ғалым, гуманист» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияның пленарлық отырысын Абай атындағы ҚазҰПУ-дың зерттеу қызметі жөніндегі проректор Ермек Бөрібаев салтанатты түрде ашып, конференцияның маңыздылығын атап өтті.

 

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Алиев құттықтау сөз сөйлеп, Ұлы тұлға - Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына орай Алматы қаласы әкімшілігінің өткізген іс-шаралары мен алдағы жоспарларына тоқталып өтті.

 

Конференцияның пленарлық отырысында белгілі алаштанушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғалым академиясының Академигі, профессор Мәмбет Қойгелдиев, Сиирт университетінің профессоры Ильяс Ерпай (Сиирт, Түркия), И. Арабаев атындағы КМУ доценті Жумагул Байдилдеев (Бішкек, Қырғызстан), Ходжатепе университетінің профессоры Хусейн Кахраман Мутлу (Афьон, Түркия), Ыстамбұл университетінің магистранты Махмұт Доғұ (Стамбул, Түркия), ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бөлім басшысы Ғани Қарасаев, Мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры Бижомарт Қапалбек, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі Райхан Имаханбет, Алматы қаласындағы «№27 гимназия» КММ тарих пәні мұғалімі Қазна Бейсембаева баяндама жасады.

Конференция жұмысы секциялар бойынша жалғасын тауып, Халықаралық конференция резолюциясы қабылданды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу