қазақша · русский · english
 
 
 
06.10.2023

«Ұстаз - ұлы тұлға» мерекелік іс-шарасы

 

2023 жылдың 5 қазанында Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының 1-ші курс студенттерімен Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз - ұлы тұлға» мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

 

Іс-шараға институт қызметкерлері, «Әлем тарихы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

 

Салтанатты іс-шараны кафедра меңгерушісі Дария Асымова ашып, барша педагог қауымын келе жатқан Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтап, студенттерге алғыс айтты.

 

Мерекелік концертте 1 курс студенттері ұстаздар туралы ән айтып, би билеп, сахналық қойылымдар қойды. Концерт соңында білім алушылар ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу