қазақша · русский · english
 
 
 
09.10.2023

Жауғаш батырдың туылғанына 290 жыл толуына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

 

Абылайханның кеңесшісі, елші, қолбасшы Жауғаш батырдың туылғанына 290 жыл толуына орай Меркіде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Хас батыр, қаһарман елші Жауғаш Қырбасұлы» тақырыбындағы конференцияны Жамбыл облысы мен Меркі ауданының әкімдігі және «Жауғаш батыр» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

 

Университетіміздің ғалымдары атынан Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының профессоры Айткүл Махаева конференцияға қатысып, «Жауғаш батыр заманындағы қазақ-қырғыз байланыстары» тақырыбында ғылыми баяндама жасады. Баяндамашы Жауғаш батырдың өмір жолына қатысты қырғыз тілінде жазылған бірегей тарихи деректермен көпшілікті таныстырып өтті. Баяндаманың толық мәтіні конференция жинағында жарияланды.

 

 

  alt=  




Кері оралу