Әлем тарихы кафедрасы | ![]()
06.11.2024
Менің мамандығым - менің болашағым
2024 жылдың 4 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті әлем тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Менің мамандығым - менің болашағым» тақырыбында конференция өтті. Конференция 4-ші курс студенттерінің өндірістік практика маусымының ашылу салтанатына орай ұйымдастырылды.
Іс-шараға факультет деканы Ғабит Кенжебаев, әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Камшат Рүстем және профессор-оқытушылар - Айткүл Махаева, Руслан Сейтқазиев, Еңлік Нұрмұхан, Гүлбаршын Қырғызхан, Қалдыгүл Таспулатова, Елеухан Калиева, Гульмира Саудабаева, №62 гимназия тарихшысы Жазира Кирбаева, №123 гимназия тарихшысы Айнаш Азербаева қатысты.
Өндірістік практика Алматы қаласының №12 гимназия, №108 ЖББМ, №123 гимназия, №143 ЖББМ, №141ЖББМ, №178 лицей, №201 гимназия білім беру мекемелерінде жүргізіледі. Конференция барысында студенттерге практика жұмысының тәртіп қағидалары мен мақсат міндеттері таныстырылды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|