Әлем тарихы кафедрасы | ![]()
03.02.2025
Тарихшылардың ғылыми форумы 2025 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында «Қазақстан тарихының өзекті мәселелері: жаңа көзқарастар және ізденістер» атты еліміз тарихшылары мен шетелдік ғалымдар қатысқан ғылыми форум өтті. Аталған жиынға Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Тарих және құқық факультетінің профессор-оқытушылары да қатысты. Академик М.Қ. Қойгелдиев, Х.М. Әбжанов форумның ашылуында сөз алды.
Ал Әлем тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Айткүл Махаева панельдік сессияда «Әлем тарихы аясындағы Қазақстан тарихы: зерттелінуі мен оқыту мәселесі» атты тақырыпта ғылыми баяндама жасады. «Форум тарих ғылымы, тарихи білім мен тарихи сананы қалыптастыру үшін мемлекеттік маңызы бар мәселелер мен міндеттерді жүйелеу мақсатында ұйымдастырылды. Форумда қатысқан әріптестеріміз бен шетелдік танымал тарихшы-ғалымдар өз ойларын ортаға салды. Аталған жиын тарихшы-ғалымдарының өзара творчестволық байланысын нығайта түсері анық», - деді Айткүл Махаева.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|