қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2025

Алтай мемлекеттік университетіндегі біліктілікті арттыру курсы: кәсіби өсудің жаңа кезеңі


Әлем тарихы кафедрасының оқытушысы Нұрмұхан Еңлік Тұрсынбекқызы Алтай мемлекеттік университетінде (Барнаул қ., Ресей) «Тарихты оқыту әдістемесі және тарих ғылымдарының өзекті мәселелері» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. ABAI UNIVERSITY басшылығының жан-жақты қолдауымен ұйымдастырылған бұл сапар оның кәсіби дамуының маңызды қадамы және университет қызметкерлерінің өсуіне инвестиция салудың жарқын үлгісі болды.
Еңлік Тұрсынбекқызы, курс оның теориялық білімін тереңдетіп қана қоймай, инновациялық оқу бағдарламаларын құрастырудан бастап күрделі тарихи ұғымдарды талдауға дейінгі практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік бергенін баса айтады.


Осы бағдарламаға қатысу мүмкіндігі үшін университетіміздің басшылығына шын жүректен алғыс айтамын! Мұндай іс-сапарларды ұйымдастырудағы қолдау қызметкерлердің жеке өсуіне ғана емес, сонымен бірге бүкіл университеттің академиялық әлеуетін нығайта түсетін стратегиялық шешім болып табылады. Алынған білім мен байланыстар жаңа жобаларға, зерттеулерге және заман талабына сай студент, ұрпақ тәрбиелеуге негіз болатынына сенімдімін.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу