қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
26.03.2025

Педагогика және психология факультетінде Ашық есік күні өтеді

 

2025 жылдың 9 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінде Ашық есік күні өтеді. Ашық есік күні аясында мектеп және колледж түлектері үшін факультет корпусында экскурсия ұйымдастырылып, университет пен факультет жайлы бейнеролик көрсетіледі. Сондай-ақ факультеттің білім беру бағдарламалары туралы презентациялар өткізіліп, семинар-тренингтер ұйымдастырылады.

 

Ашық есік күні - бұл Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуға түсу, Педагогика және психология факультеті білім беру бағдарламалары туралы көбірек білудің, грантқа түсу және грант алу бойынша жан-жақты ақпарат алудың, оқытушылармен, студенттермен және түлектермен кездесудің бірегей мүмкіндігі.

 

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Педагогика және психология факультеті.

Өтетін күні мен уақыты: 09 сәуір, 2025 жыл. Сағат 15:00.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Педагогика және психология факультеті,  Төле би көшесі 31, №15 акт-залы.

 

Сіздерді Ашық есік күніне қатысуға шақырамыз!

 

  alt=