қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.04.2025

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс

 

"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға арналған конкурс жариялайды. Конкурс 2025-2026 оқу жылының күзгі семестріне арналған және Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті есебінен 1 және 2- курс студенттері арасында (Қазақстан Республикасының азаматтары және 18 жасқа толған (кәмелетке жеткен) бакалавриат деңгейінде өткізіледі.

 

Осыған байланысты, Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысқысы келетін студенттер 2025 жылдың 25 мамырына дейін Қазақстан Республикасының Электрондық үкімет порталы (EGOV) арқылы келесі құжаттарды конкурсқа ұсынуы қажет:

 

1. Қазақстан Республикасы азаматының шетелдік паспортының электронды көшірмесі;
2. Университет мөрімен расталған оқу үлгерімі туралы транскрипттің электронды көшірмесі;
3. Шетел тілін меңгеру деңгейін растайтын құжаттың электронды көшірмесі (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):
3.1) Шетел тілін білу деңгейін халықаралық жүйелер арқылы бағалау нәтижесінде берілген сертификат (IELTS кемінде 5.5 немесе TOEFL, DELF, HSK, Test DAF, CEFR, TOPIK);
3.2) Немесе шетелдік университеттің студентті қолданыстағы шетел тілі деңгейімен қабылдауға дайын екендігі туралы хатының электронды көшірмесі (бар болған жағдайда);
4. №072/у нысаны бойынша шетелге шығуға арналған медициналық анықтаманың электронды көшірмесі;
5. Студенттің көпбалалы отбасынан шыққанын растайтын отбасы құрамы туралы анықтаманың электронды көшірмесі (бар болған жағдайда);
6. Ата-анасының болмауын растайтын құжаттың электронды көшірмесі (ата-анасыз қалған немесе жетім санатына жататын студенттер үшін, бар болған жағдайда);
7. Студенттің мүгедектігін растайтын құжаттың электронды көшірмесі (бар болған жағдайда).

 

Сондай-ақ құжаттарды университеттің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі арқылы тапсыруға болады. Қажетті құжаттар тізімі:

 

1. Студенттің өтініші;
2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжатының көшірмесі;
3. Университет мөрімен расталған оқу үлгерімі туралы транскрипт;
4. Шетел тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (талапкер келесі құжаттардың бірін ұсынады):
4.1) Халықаралық жүйе арқылы алынған шет тілін білу деңгейін растайтын сертификат (бар болған жағдайда: IELTS - кемінде 5.5, немесе TOEFL, DELF, HSK, Test DAF, CEFR, TOPIK);
4.2) Немесе студенттің қазіргі шет тілі деңгейімен шетелдік университетке қабылданатыны туралы келісім хаты (бар болса);
5. Шетелге шығуға арналған №072/у нысанындағы медициналық анықтама;
6. Студенттің көпбалалы отбасынан екенін растайтын отбасы құрамы туралы құжат (бар болса);
7. Ата-анасының болмауын растайтын құжат (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе жетім студенттер үшін, бар болса);
8. Мүгедектігін растайтын құжат (бар болса).

 

Жұмыс уақыты:

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін. Сенбі, жексенбі және мереке күндері - демалыс (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес).
Қабылдау - алдын ала жазылусыз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Бас оқу корпусы, 2-қабат, 218-кабинет.

 

Талапкерлерді іріктеу - «Шетелде оқуға, соның ішінде академиялық ұтқырлық аясында оқуға жіберу қағидаларына» сәйкес құрылған конкурстық комиссиямен жүзеге асырылады.

 

Құжаттарыңыздың қабылданғаны туралы хабарлама алған соң, келесі мекенжай бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментіне келуіңізді сұраймыз:


Алматы қ., Достық даңғылы, 13, 102А кабинет (Бас корпус).