қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.04.2025

Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинар өтеді


2025 жылдың 24 сәуір күні сағат 11:00-де, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 8D017-Тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау бағыты бойынша Диссертациялық кеңес жанындағы Ғылыми семинарда «8D01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша Токтанова Асель Керимовнаның философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Филолог-студенттердің тілдік рефлексиясын дамыту әдістемесі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.


Ғылыми семинар оффлайн және онлайн форматта өтеді.

Диссертация Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде орындалған.

Семинар тілі - қазақша.

 

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:
Джакыпбекова Мамиля Тургамбаевна - Филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент). (І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қаласы, Қазақстан Республикасы);
Ерхожина Шаттыгүл Лесбекқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (SDU University, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы).

 

ШЕТЕЛДІК ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІ:
Косяков Геннадий Викторович - Ресей Федерациясы, Армия генералы А. В. Хрулев атындағы Әскери Академиясы Әскери институтының орыс тілі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы (Ресей Федерациясы).

 

ZOOM: https://zoom.us/j/92889711153?pwd=jRAtiinQfNdPUk3pZTpYox9v8U1B4H.1

Идентификатор: 928 8971 1153
Код: 1234

Мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13,
Бас оқу ғимараты (4-қабат, 412-кабинет).