қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.04.2025

Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинар өтеді

 

2025 жылдың 25 сәуір күні сағат 12:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 8D015 - Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша педагогтарды даярлау (6D010900/8D01501 - Математика, 6D011000/8D01504 - Физика) бағыттары бойынша Диссертациялық кеңес жанындағы Ғылыми семинарында «6D01501 - Математика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Қаратаев Абай Оңғарбекұлының «Педагогикалық жоғары оқу орындарында дифференциалдық және интегралдық есептеулерді оқыту үдерісінде студенттердің зерттеушілік қызметін қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.

 

Ғылыми семинар оффлайн және онлайн форматта өтеді.
Диссертация Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде орындалған.
Семинар тілі - қазақша.

 

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕРІ:
Ибрагимов Раскул. - педагогика ғылымдарының докторы, доцент, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті «Математика» кафедрасының доценті (Шымкент қ., Қазақстан);
Ahmet Arikan - professor, Dr., Гази университетінің профессоры (Анкара қ., Түркия мемлекеті).

 

РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Есенова Мария Ибрашевна - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының доценті (мамандық шифры: 13.00.02);
Косанов Багдат Макулбекович - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының профессоры (мамандық шифры: 13.00.02).

 

ZOOM: https://zoom.us/j/97533143650?pwd=aH4NsQk8AtMhD5RFNIa2BtcL61j9QC.1
Идентификатор: 975 3314 3650
Код: 1234
YouTube: https://www.youtube.com/@abaiuniversity1928

Мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, Оқу корпусы №5 (4-қабат, 415-кабинет).