қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.04.2025

«Болашақ педагогті әдістемелік қолдау: нәтижелі амалдар және озық тәжірибелер» Республикалық әдістемелік десант жұмысы


2025 жылдың 30 сәуірінде Филология факультеті шетел тілдері кафедрасында болашақ университет түлектерін кәсіби қолдауға байланысты ұйымдастырылатын «Болашақ педагогті әдістемелік қолдау: нәтижелі амалдар және озық тәжірибелер» атты республикалық әдістемелік десант жұмысы өткізіледі.


Десант жұмысының мақсаты - ынтымақтастық меморандумы аясында болашақ педагогті әдістемелік қолдауға бағытталған педагогикалық амалдар және озық тәжірибелер бойынша білім алушылардың педагог- әдіскерлермен, шебер-ұстаздармен пікір алмасу алаңын жүзеге асыру, педагогикалық шеберлікті шыңдау тұрғысынан тәжірибе алмасу.


Десант жұмысының міндеттері:
- Пән бойынша мектептердегі оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру тұрғысынан озық тәжірибені көрсету;
- педагогикалық тәжірибеде жаңа формалар мен әдістерді қолдану бойынша тренерлер мен шебер-педагогтердің білім алушылармен тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.


Десант жұмысын ұйымдастырушылар: Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор - Серік Иватов, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. - Гүлсім Нурекешова.


Десант жұмысына қатысушылар: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының бітіруші курс білім алушылары, ЖОО әдіскер-ғалымдар, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша КДИ әдіскер-тренерлері, шебер-педагогтер.


Уақыты: 2025 жыл 30 сәуір, сағат 14.00 (офлайн/онлайн).