![]()
16.06.2025 Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстанның жаңа және қазіргі замандағы тарихы кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді 2025 жылы 27 маусымда сағат 11:00-де Тарих және құқық факультетінің академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстанның жаңа және қазіргі замандағы тарихы кафедрасының 6D020300 - «Тарих» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ерланбек Адилбекович Жалмагамбетовтың «Қызылорда қаласының астаналық кезеңіндегі күнделікті өмір 1925-1929 ж.ж.» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын талқылау өтеді.
Мәжіліс форматы офлайн және онлайн форматта. Диссертация Абай атындағы ҚазҰПУ орындалған. Қорғау тілі - қазақ.
Ғылыми кеңесшілері: Койгелдиев Мамбет Кулжабаевич - тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Вирджиниа Мартин - PhD доктор, профессор, Висконсин университеті (Мэдисон қ., АҚШ).
Ресми рецензенттері: Ермуканов Еркин Нуратдинович - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Калыбекова Манара Шалтеновна - кандидат исторических наук, асс. профессор, ҚР БҒМ ҒК Ч.Ч.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Сыртқы байланыстар, ақпараттық-ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан). Нұрман Шолпан Төрегелдіқызы - тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
ZOOM: https://zoom.us/j/91908265823?pwd=bW3g6Htuz5qv4S8bhkbVslcYnWiY17.1 ID: 919 0826 5823 Код: 1234 Мекенжай: 050010, г. Алматы, Жамбыл, 25, учебный корпус 10 (5- этаж, 505- кабинет).
|