![]()
17.06.2025 Биология кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді 2025 жылғы 27 маусым күні сағат 11:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану-география факультеті Биология кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде Жарменова Ботагоз Куанышевнаның 8D01517 - «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «ЖОО-да биология мұғалімін даярлау процесінде экологиялық-педагогикалық құзыреттілікті қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.
Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде орындалған. Қорғау тілі - орысша.
Құрманбаев Рахат Хамитович - биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда қ., Қазақстан); Андреева Наталья Дмитриевна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей).
Избасарова Римма Шаймерденовна - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Бекенова Назима Аманкуловна - биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
ZOOM сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/6278699735?pwd=Z0LdUnwv1RihwgxHynLwhdqDJexDQf.1&omn=81128134046 Конференция идентификаторы: 627 869 9735 Қатынау коды: 2024 Мекенжайы: 050010, г. Алматы, Қазыбек би, 30, (303).
|