![]()
17.06.2025 Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинар өтеді 2025 жылдың 1 шілдесі күні сағат 11.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 8D015 - Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша педагогтарды даярлау (6D010900/8D01501 - Математика, 6D011000/8D01504 - Физика) бағыты бойынша Диссертациялық кеңес жанындағы Ғылыми семинарында «6D01501 - Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Қаратаев Абай Оңғарбекұлының «Педагогикалық жоғары оқу орындарында дифференциалдық және интегралдық есептеулерді оқыту үдерісінде студенттердің зерттеушілік қызметін қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.
Диссертация Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде орындалған. Семинар тілі - қазақша.
Ибрагимов Раскул - педагогика ғылымдарының докторы, доцент, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Шымкент қ., Қазақстан); Ahmet Arikan - доктор, профессор, Гази университеті (Анкара қ., Түркия).
Мубараков Акан Мукашевич - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (мамандық шифры: 13.00.02); Есенова Мария Ибрашевна - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (мамандық шифры: 13.00.02).
Идентификатор: 923 3848 3734 Код: 1234 Мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, Оқу корпусы №5 (4-қабат, 415-кабинет).
|