қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
18.07.2025

«Қазақстандағы білім беру құндылықтары жүйесіндегі цифрландыру саясаты: заманауи міндеттер мен дамудың жаңа мүмкіндіктері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы


2025 жылғы 3 қазанда «Қазақстандағы білім беру құндылықтары жүйесіндегі цифрландыру саясаты: заманауи міндеттер мен дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференцияны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылым департаменті, Тарих және құқық факультетінің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы ұйымдастырады. Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

 

Конференция мақсаты: Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі цифрландыру саясатының рөлін, мүмкіндіктерін және қазіргі заманғы міндеттерін зерделеу арқылы ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, білім беруді жаңғыртуға арналған ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу.

 

Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Жаңа Қазақстанның қалыптасуындағы саяси реформалар трансформациясы және ұлттық білім беру құндылықтары;
2. Білім берудегі цифрлық саясат: стратегиялар мен нормативтік негіз;
3. Білім берудегі цифрландырудың этикалық және әлеуметтік-мәдени аспектілері;
4. Болашақтың мектебі: цифрлық және құндылықтық үйлесім.

 

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ: аралас (ZOOM, YouTube трансляциясымен онлайн, офлайн форматта)
КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ: 2025 жылғы 3 қазан, сағат 1000.
ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫ: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Достық 13, 225 конференция залы.

 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:


8 (727) 291-07-03 Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы; +77475192938 - Арипжанова Улдана Қалдыбекқызы; +77073912195 - Батырханова Әсел Қалмаханқызы.
Электрондық пошта: conference.abai@gmail.com


Конференцияға қатысу формасы:
- офлайн, онлайн (баяндама жасау және жарияланым).


Конференцияға қатысу үшін:

- 2025 жылдың 3 қыркүйегіне дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайына баяндама тақырыбын және қатысу нысаны мен секциясын көрсете отырып, тіркеу өтінімін;

- 2025 жылдың 10 қыркүйегіне дейін баяндаманың мәтінін жіберіңіз.


Қатысу үшін тіркеу өтінімінің нысаны және материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар төменде келтірілген.


Баяндамалар мәтінін жариялау:
Ғылыми баяндамалар конференцияның электронды жинағында және іріктелген ғылыми жұмыстар ҚазҰПУ Хабаршысының Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясының нөмірінде жарық көреді. Мақалалар авторлық басылымда жарияланады. Ұйымдастыру комитеті мақалаларды техникалық редакциялау құқығын өзіне қалдырады. Сонымен қатар, Ұйымдастыру комитеті конференцияға тікелей қатыспаған авторлар жіберген материалдарды әрбір нақты жағдайда қабылдамау себептерін түсіндірместен қабылдамау құқығына ие.

 

Тіркеу туралы өтініш формасы


Автордың аты-жөні (толық)

 

Автор 2

 

Автор 3

 

Ел, қала

 

Мәртебесі (ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы)

 

Жұмыс (оқу)орнының атауы

 

Жұмыс орны

 

Қатысу формасы (офлайн, онлайн)

 

Секция

 

Баяндаманың тақырыбы (мақалалар)

 

E-mail

 

Байланыс телефондары

 

 

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:


Мақала көлемі - 5-7 беттен аспауы керек.
- мақала Doc форматында, Times New Roman шрифтінде, жоларалық интервал - 1, шрифт өлшемі - 12, жоғарғы және төменгі жиектер - 20 мм, оң жағы - 20 мм, сол жағы - 10 мм;
- мақаланың тақырыбы 12 сөзден аспауы керек;
- тақырыбы мақала жазылған тілде беріліп, ағылшын тіліне аударылуы керек;
- аннотация мақала жазылған тілде және ағылшын тілінде жазылады, негізгі мәтіннің алдында беріледі;
- аннотациядан кейін 5 кілт сөз көрсетіледі;
- мақала мәтіні кілт сөздерден кейін екі интервалмен беріледі.
Автор туралы: Мақала тақырыбынан кейін 1 интервалдан кейін автордың тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі; осы деректердің оң жағында (*) таңбасы арқылы ғылыми дәрежесін, атағын, лауазымын, ұйымын және электрондық пошта мекен-жайын көрсететін сілтеме беріледі.
Анықтамалар мен әдебиеттер тізімін тіркеу: Дереккөзге сілтеме атауы, шығарылған жылы және бет нөмірі көрсетілген төртбұрышты жақшада беріледі.
Үлгі: [Айдарбеков, 2010: 15].
- Пайдаланылған әдебиеттер аталу ретімен негізгі мәтіннен кейін беріледі.
- Пайдаланылатын көздердің саны кемінде 5 болуы керек.

 

Қосымша қызметтер туралы мәліметтер (қажетін қалдыру)

 

Конференцияға қатысу туралы анықтама (тегін)

электронды

Электрондық бағдарлама (тегін)

электронды

Жинақ (формат А4)

электронды

 

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:


ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
DIGITAL TRANSFORMATION AND NATIONAL EDUCATIONAL VALUES

 

Маратов Мақсат Мұқажанұлы

Абай атындағы ҚазҰПУ,
Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы;
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доктаранты.


maksat.marat@bk.ru

 

АҢДАТПА
ABSTRACT

Тірек сөздер:
Key words:

Мәтін, мәтін.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Нысанбаев,. Духовно-ценностный мир народа независимого Казахстана: проблемы и перспективы. - Алматы: Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК, 2015. - 274 с.