Қоғамның Қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштеріне аудит және бағалау жүргізеді; нәтижеге бағдарланған қоғам бюджетін пайдаланудың тиімділігіне бағалау жүргізеді;
қоғамдағы ішкі бақылау жүйесінің тәуекелдерін басқару аудитін жүргізеді;
Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық келісімдердің, қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесінің нұсқаулары мен шешімдерін орындауға бағалау жүргізеді және осы талаптарды сақтау мақсатында құрылған жүйелерді бағалайды;
қоғамның стратегиялық мақсаттары шеңберінде олардың алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Қоғамның құрылымдық бөлімшелері қолданатын шаралардың барабарлығына бағалау жүргізеді; қоғамда этикалық стандарттар мен құндылықтарға сәйкес келетін корпоративтік басқарудың қабылданған қағидаттарын енгізу және сақтау бойынша бағалау жүргізеді;
қоғамның тиісті органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерге және ішкі бақылауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат алу тиімділігіне бағалау жүргізеді;
қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде жүргізген бақылау іс-шараларының (тексерулерінің) нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындау;
қоғамның сыртқы аудитордың ұсынымдарын орындауына мониторингті жүзеге асырады; белгіленген тәртіпте берілген қызмет ұсынымдарының орындалуына кейінгі бақылауды жүзеге асырады;
Директорлар кеңесіне, Басқармаға, Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне ішкі бақылау және ішкі аудит жүйелерін ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес береді;
өз құзыреті шегінде Қызметке жүктелген және оның тәуелсіздігі принципіне ықпал етпейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
|