«Абай тілі: философиялық ой мен когнитивтік бейне» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді
Құрметті әріптестер!
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 2025 жылдың 28 қараша күні ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Абай тілі: философиялық ой мен когнитивтік бейне» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.
Өткізу форматы: онлайн/офлайн.
Конференцияның мақсаты: ұлы ақын Абай Құнанбаев шығармашылығындағы тілдік жүйе мен көркемдік-танымдық құрылымдарды кешенді түрде талдау, философиялық ойлау жүйесінің тілдік көріністерін қазіргі когнитивтік лингвистика, философия және мәдениеттану тұрғысынан ғылыми сараптауға негіз жасау. Конференция Абай тілінің ұлттық-мәдени құндылықтарды сақтаудағы және ұрпақ санасына жеткізудегі ерекше орнын айқындауға, сондай-ақ әлемдік ғылыми кеңістіктегі абайтанудың жаңа бағыттарын айқындауға бағытталады.
Конференция жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар, түркітанушылар, жоғары оқу орындарының профессор- оқытушылары, докторанттар мен магистранттар және мектеп мұғалімдері қатыса алады.
Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Абай шығармаларындағы философиялық ойдың тілдік бейнесі
2. Абай тілінің когнитивтік кеңістігі
3. Ұлттық руханият пен мәдени кодтағы Абай мұрасы
4. Абай мұрасы және қазіргі гуманитарлық ғылымдар тоғысы
5. Абай мұрасының халықаралық деңгейдегі ғылыми қабылдануы
Мақалалар 2025 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады. Мақала авторларына сертификаттар беріледі.
Жарияланым тегін.
Мақалалар abaiuniver@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады. «Абай тілі: философиялық ой мен когнитивтік бейне» тақырыбындағы мақалалар жинағының электрондық нұсқасы таратылады.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
050010, Алматы қ., Достық даңғылы, 13
e-mail: abaiuniver@mail.ru
Телефондар:
Ұялы. тел.: +77015773509 Қосымова Гүлбану
+77078272785 Қоқанова Жарқынай
+77056016315 Молдағали Бақытгүл
І. ТІРКЕЛУ ӨТІНІМІ
Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысуға өтінім
Қатысушының толық аты-жөні
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
(болған жағдайда)
Жұмыс орнының толық атауы
Қызметі
Мақаланың тақырыбы
ORCİD: (болған жағдайда)
Байланыс телефоны
Е-mail
ІІ. ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
• Ұсынылған мақалалар бұған дейін жарияланбаған болуы тиіс;
• Мақала мәтіні (5-10 бет көлемінде) WORD 6.0 (7.0) мәтіндік редакторында «Tіmes New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі - 14, аралық интервалы - 1, жол жиегі жоғары және төмен жағынан - 2,0 см, сол жағы - 3 см, оң жағы - 1,5 см, азат жол басындағы интервал стандартты (1.25 см) жазылады;
• Мақала атауы бас әріптермен, мақала атауынан кейін автордың аты- жөні оң жақ қапталға, автор туралы толық деректер (аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, электронды поштасы, байланыс телефоны, ORCİD) 12 пт түрінде, автордың аты-жөніне сілтеме (сноска) беру арқылы беттің төменгі жағына жазылады;
• Мақала мәтініндегі библиографиялық сілтемелер әр бетте төртбұрышты тік [1; 23] жақшада беріледі, олардың тізімі соңында мәтінде берілу ретіне қарай рәсімделеді. Беттер нөмірленбейді. Файл атауына автордың тегі мен мақала тақырыбы жазылады.
МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ:
АБАЙ - КӨРКЕМ СӨЗ ӨНЕРІНІҢ ШЕБЕРІ
Бақытгүл МОЛДАҒАЛИ
Аңдатпа
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін.
Түйін сөздер: мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін.
LANGUAGE AND TERMINOLOGY
Abstract
Text text text text text text text text text text text text text text text text text text text.
Keywords:text,text,text,text,text.
Кіріспе
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін [1; 85].
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін [2; 312]мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін.
Қорытынды
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. - Алматы: Арыс, 2004. - 616 б.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. PhD. b.moldagali@abaiuniversity.edu.kz, 8777 777 77 77, ORCİD: 0000-0002-1916-237