![]()
13.10.2025
«География және экология» кафедрасының кеңейтілген талқылауы өтеді
2025 жылы 22 қазанда, сағат 15:00-де «8D01515-География» білім беру бағдарламасы бойынша Куспанова Аикун Кабдыкаировнаның философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «География сабағында креативті ойлау негізінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемесі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы «География және экология» кафедрасының кеңейтілген отырысында талқыланады. Кафедраның кеңейтілген отырысы оффлайн және онлайн форматта өтеді.
Диссертациялық жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.
Қорғау тілі – қазақша
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР: Абдиманапов Бахадурхан Шарипович – география ғылымдарының докторы, География және экология кафедрасының профессоры, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы). Атасой Емин – PhD, профессор. Бурса Улудаг Университеті (Бурса қаласы, Түркия мемлекеті).
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР: Даменова Айгуль Касеновна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Тараз қаласы, Қазақстан). Сабденалиева Гульнарай Мусиралиевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, География және экология кафедрасының доценті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы). Бердыгулова Гүлмира Ертісовна – география ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті География және экология кафедрасының доценті (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы).
ZOOM: https://zoom.us/j/97668279561?pwd=xHbBzlfYY7an1A8rCx0VKM2y9ZHwU4.1 ID: 976 6827 9561 Код: 1234 Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би 30. Жаратылыстану және география факультеті (6-қабат, 615-аудитория)
|