қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.10.2025

 

Қоғам қайраткері, академик С.Ж.Пірәлиевті еске алуға арналған

 «БІЛІМ БЕРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ: БОЛАШАҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ» атты

iII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ педагогикалық форумЫ

 

Ақпараттық хат

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті сіздерді қоғам қайраткері, академик С.Ж.Пірәлиевті еске алуға арналған «Білім  беру стратегиялары: болашақ кадрларды даярлау» атты iII Халықаралық педагогикалық форумның жұмысына қатысуға шақырады. Форумға қатысу үшін отандық және шетелдік ғалымдар, практикалық қызметкерлер, мұғалімдер, докторанттар, магистранттар, студенттер шақырылады.

Өту күні: 04.11. 2025 ж.

Форум форматы: Offline-online.

 

Форум жұмысының негізгі бағыттары:

-  Білім беруді цифрландыру жағдайында педагог кадрларды кәсіби даярлау

- Қазақстандық білім берудегі инновациялық процестер;

-ЖОО-да оқытудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік аспектілері;

-Жоғары білім беруде білім беру сапасына мониторинг жүргізу;

- Инклюзивті білім берудің заманауи мәселелері.

 

Форум аясындағы  іс-шаралар

I.Пленарлық отырыс: баяндамалар.

II."Үздік зерттеуші" байқауы (ПОҚ арасында).

III. Секциялық отырыс: баяндамалар.

 

Негізгі мерзімдер:

20.10.2025 ж. - қатысушылардың өтінімдері мен мақалаларын қабылдаудың аяқталуы.

25.10.2025 ж. - "Үздік зерттеуші " конкурсына өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы.

04.11.2025 ж. - пленарлық және секциялық отырыстар, шеберлік сыныптары және т.б.

 

Форумға қатысу формалары:

Оnline қатысу: Zoom арқылы конференция жұмысына онлайн түрде қатысу, пікірталастарға қатысу мүмкіндігі, мақала жариялау, (Pdf) форум жинағын алу.

Offline қатысу: конференцияға физикалық қатысу, баяндаманы ұсыну және қорғау, қатысушының қағаз нұсқадағы сертификаты.

 

Форум жұмысына қатысу шарттары

Форумның жұмыс тілдері-қазақ, орыс, ағылшын.

Ұсынылған материалдар форум жұмысы басталғанға дейін жарияланатын болады.

Форумға қатысу үшін 20.10.2025 ж. кешіктірмей ұйымдастыру комитетіне жолдау қажет  leader.director24@gmail.com Өтінім (Өтінім үлгісі қоса беріледі) және электрондық нұсқадағы мақала мәтіні.

 

жинақта Мақала жариялау ТЕГІН.

Бір адам екі реттен артық автор немесе бірлескен автор бола алмайды.

Форум қорытындысы бойынша мақалалар жинағы PDF электронды форматында шығарылады, қатысушылардың электронды мекен-жайларына жіберіледі.

Форумға қатысу үшін жіберу керек:

- 1-қосымшаға сәйкес ресімделген қатысуға өтінім;

- 2-қосымшаға сәйкес ресімделген электрондық форматтағы мақала (көлемі 5 бетке дейін).

Байланысуға: мақалаларды қабылдау Абсатова Марфуға Абсатқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ғылым департаментінің директоры-87011792027

Сіздердің қатысуларыңызға қуаныштымыз!

Мақала мәтіні түпнұсқа болып есептеледі және өңделмейді.

 

 

Өтінім үлгісі